Саясат

Зектілері

Тоқаев Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлыққа қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ақорда сайтында жария болған жарлықта президент мынадай тапсырмалар берді:

  • Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстанның Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығару.
  • Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстанның Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыру.
  • Жергілікті атқарушы органдардың тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыруы және қамтамасыз етуі.
  • Қазақстан үкіметінің, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыруы.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2220636-toqaev-qazaqstan-azamattaryn-merzimdi-askeri-qyzmetke-shaqyru-turaly-zharlyqqa-qol-qoidy/