jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дүние жүзіндегі этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы кімге берілді

    әуежай
    Әуежайдағы жолаушы. Көрнекі фото: pexels.com

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін "Ата жолы" картасы беріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еңбек министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еңбек министрілігінің мәліметінше, этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 "Ата жолы" картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.

    "Ата жолы" картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және тағы басқа мамандар бар. Олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келген.

    "Ата жолы" картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Бұл карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі", - делінген министрлік хабарламасында.

    Айта кетерлігі, "Ата жолы" картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.

    "Ата жолы" картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтары және қандастармен құқығы тең.

    "Ата жолы" картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:

    • медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;
    • Еңбек кодексіне және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңға сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;
    • Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
    • "Білім туралы" заңға сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;
    • "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;
    • азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.

    Алайда "Ата жолы" картасы бар адамдардың парламент пен мәслихаттарға сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.

    "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда карта жарамсыз деп танылады.

    Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған "Ата жолы" картасы енгізілді.

    Дүние жүзіндегі этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы кімге берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.