jitsu gif
Саясат

    Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бауырына іздеу жарияланды

    Арғын Нығматуллин
    Арғын Нығматуллин. Фото: saryarka-hc.kz

    Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ақпарат бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

    Порталдың "Қылмыскерлерді іздестіру" айдарында 1955 жылы туған Нығматулин Арғын Зайруллаұлына іздеу жарияланғаны туралы жазылған.

    Іздеу ісі 2025 жылғы 3 наурызда ашылып, Астана қаласында тіркелгені атап өтілді.

    Іздеу жүргізетін орган — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Іздеуді прокуратура жариялаған.

    Іздеу карточкасы
    Іздеу карточкасы. Скриншот: qamqor.gov.kz

    "Параграф" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Арғын Нығматулин 1955 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, үйленген, үш баласы бар.

    Ол әр жылдары "Саранская" кенішінің бастығы, Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, "Сарыарқа" хоккей клубы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы қызметтерін атқарды.

    Екі рет – 2003-2006 жылдары, сонымен қатар 2012 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.