jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
    Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Фото: Telegram/aqorda_resmi

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

    Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.

    Президентке үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды.

    Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс.

    Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

    Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берілді.

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.