Жақын күндері Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Жарияланған күні:

2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
"Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.
Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2230595-zhaqyn-kunderi-sloveniia-prezidenti-qazaqstanga-eki-kundik-resmi-saparmen-keledi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде