jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Көлік министрі Марат Қарабаев атқарған жұмысы туралы президентке есеп берді

    Көлік министрі
    Көлік министрі президент қабылдауында болды. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады. Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.

    Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды.

    Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.

    Кездесу соңында Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

    Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.

    Көлік министрі Марат Қарабаев атқарған жұмысы туралы президентке есеп берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.