jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Шымкенттің перспективті құрылыс жоспарымен танысты

    Тоқаевтың Шымкентке жұмыс сапары
    Тоқаевтың Шымкентке жұмыс сапары. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Шымкентке жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың перспективті құрылыс жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

    ️Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын.

    ️Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да басқа әлеуметтік нысандар құрылысының перспективті жобалары көрсетілді.

    ️Президентке жекеменшік тұрғын үй кешендерінің бей-берекет өсуіне шектеу қойып, 2035 жылға дейін көпқабатты үйлердің үлесін 60 пайызға жеткізу жоспары жөнінде баяндалды.

    ️Биыл шамамен 1,4 млн шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 320 мың шаршы метрден астам пәтер мемлекеттік бюджет есебінен салынады.

    ️Қалада жаңадан "Ақжайық", "Бозарық" және "Тұран" шағын аудандары пайда болды.

    Осыдан кейін президент "Ақжайық" шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барды.

    Бұл жерде жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек. Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды.

    Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

    Тоқаев Шымкенттің перспективті құрылыс жоспарымен танысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.