jitsu gif
Саясат

    Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

    Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында
    Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

    Мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.

    Отырыста мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алып, жиын соңында министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған.

    "Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Марат Қарабаев 2023 жылғы 2 қыркүйектен бері еліміздің Көлік министрлігін басқарады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.