"Атап өтпейді": Тоқаев туған күнін қалай өткізетіні белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай салтанатты іс-шаралар жоспарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 17 мамырда мемлекет басшысы 72 жасқа толады.
Қазақстан президенті былтыр да туған күнін атап өтпеді, тіпті 70 жылдық мерейтойын да тойламаған. Баспасөз қызметі Тоқаевтар отбасында балалардың да, ата-ананың да туған күнін тойлау дәстүрі жоқтығын алға тартты.
Былтыр Ақорданың баспасөз қызметі президент туған күнінде жұмыс орнында болғанын хабарлады - ол үшін бұл қалыпты жұмыс күні болды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2245308-atap-otpeidi-toqaev-tugan-kunin-qalai-otkizetini-belgili-boldy/