"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" өңірлер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты
Опубликовано:

Астанада "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" жүзеге асырып жатқан өңірлерге арналған жаңа "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы таныстырылды.
"Орда Аймақ" ипотекасы осы жылдың сәуір айында іске қосылды. Ол Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан басқа Қазақстанның барлық аймағында жұмыс істейді.
Бағдарлама талаптары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады.
Пайыздық мөлшерлемесі 15,9%, бастапқы жарна 20%-дан бастап, несие мерзімі 20 жылға дейін. Несие сомасы 75 миллион теңгеге дейін.
"Егер сіз "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" кепілдігін алсаңыз, онда сіз ипотекалық бағдарламаға қол жеткізесіз, бұл өз кезегінде сату құралдарын кеңейтеді. "Бағдарлама ірі қалалардан тыс құрылыстарды дамытуға көмектеседі", - дейді "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ департамент директоры Темірлан Бекбаев.

Қарыз алушы 21 жаста немесе одан жоғары болуы керек. Ол соңғы 6 айдағы табысын растауы керек. Егер табысыңыз жеткіліксіз болса, сіз қосымша қарыз алушыны тарта аласыз.
"Өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша сол аймақтағы "Отбасы банкіне" немесе құрылыс салушының сату кеңсесіне хабарласа аласыз. Пәтер таңдаған соң оны бронға қойып, "Отбасы банкі" кеңесшісі арқылы өтініш бересіз. Ол "Қазақстан тұрғын үй компаниясына" қарауға беріледі, мақұлданған жағдайда банктік несие туралы келісімдерге қол қойылады. Содан кейін қаражатты уәкілетті компанияға аудару жүргізіледі", - деп түсіндірді компания өкілдері.
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" өз клиенттеріне кепілдік береді.
"Орда Аймақ" ипотекасының басқа ипотекалық бағдарламалардан ерекшелігі, оның фокус тобы салынып жатқан баспана іздеп жүрген үлескерлері болып табылады. Біз мұны кепілдік беру арқылы жасаймыз. Үлескерлердің қаражаты толықтай қорғалады – құрылыс салушы дефолтқа ұшыраған жағдайда, біз бұл нысанның құрылысын аяқтаймыз.
Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар аз қабатты тұрғын үйлерді – таунхаустарды, коттедж қалашықтарды да сатып алу мүмкіндігі болғанын қалаймыз.
Соңғы кездері азаматтарды алдау, ақшасын тартып алу сынды жағдайлар коттедж қалашықтарының құрылысына қатысты да жиі болып отыр. "Біз де бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз", - дейді "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев.

Ол қазіргі уақытта заңнамаға үлестік қатысу мәселелері бойынша түзетулердің үлкен пакеті дайындалып жатқанын атап өтті.
"Қазір біз тиісті министрлікпен, парламентпен және "Бәйтерек" холдингімен белсенді жұмыс істеп, үлескерлердің ақшасын тартуға бақылауды күшейту және өз жұмысында заңды сақтауға ұмтылатын құрылыс салушыларды қолдау шараларын бірлесіп қолға алып жатырмыз.
Бұл пәтер сатып алу кезіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдерді және үлескерлерді тартқысы келетіндерге қойылатын біліктілік талаптарын төмендету үшін қосымша ынталандыруды қамтиды", - дейді Алтай Күздібаев.
"Орда Аймақ" ипотекасының шарттары туралы, сонымен қатар құрылыс нысандарының сипаттамасын, байланыс нөмірлерін "Қазақстан тұрғын үй" порталынан біле аласыз.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2245617-qazaqstan-turgyn-ui-kompaniiasy-ongirler-ushin-zhanga-ipotekalyq-bagdarlamany-iske-qosty/