jitsu gif
Саясат

    Депутат "Самұрық-Қазына" қорын таратып жіберуді ұсынды

    Шенеунік
    Шенеуік. Көрнекі фото: pexels.com

    Мәжілісте депутат Әділ Жұбанов "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын таратып жіберіп, оның функцияларын бәсекелес ортаға табыстауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов қор жұмысының тиімділігі мәселесін көтерді.

    "Жалпы менің көптеген танысым бар, бір күн де кәсіпкерлікпен айналыспаса да, өте бай. Олар еліміздің ұлттық компанияларында, соның ішінде мұнай-газ саласында, не министрлікте жұмыс жасаған. Өзі де, отбасында бірде-бір ағайын-тумасы да кәсіпкерлікпен айналыспай тұра, өте бай. Неге? Квазимемлекеттік сектордың жағдайына қатысты менің сұрағым: алпыс пайыз мемлекеттік сатып алуды бір көзден өткізген.

    Мен соны түсінбеймін, қандай төтенше жағдай болып жатқанын, ұрыс болып жатыр ма бізде, соғыс болып жатыр ма, басқа да жағдай болып жатыр ма? Осыларды анықтапсыздар. Ал ұсыныстарыңызды көріп отырған жоқпын. Осыған қатысты сұрағым, "Самұрық-Қазынаға" қарасаңыз, алпыс пайыз бір көзден берілген. "Бәйтерек" — елу пайыз... Бұл, ойлап қарасаңыз, бүкіл елдің ұлттық қазынасын, ұлттық байлығын бір қолға әкеліп бергені, ұрлауға жеңіл болсын деп. Бұл барып тұрған ұрлық қой!

    Айдың, күннің аманында, тым-тырыс, бейбіт заманда бір көзден 60 пайыз, 50 пайыз мемлекеттік сатып алуды жүргізу, меніңше, бірде бір заңға сәйкес келмейді.

    Мен жалпы "Самұрық-Қазынаның" болуына қарсымын, бұрыннан айтып келе жатырмын, ол таратылуы керек. Бәсекелес ортаға берілуі керек. Сондағы әр мекеме өз күнін өздері көруі керек. Жалпы осыған қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз қандай?", - деп сұрады ол.

    Бұл сауалға жауап берген Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов бұл сұрақ аудиторлардың да көкейіде тұрғанын атап өтті.

    "Біз 50 пайыз, 60 пайыз деген осы мәселені былтыр да, биыл да көтеріп отырмыз. Биыл сіздердің ұсыныстарыңыз және жалпы қазіргі таңдағы жағдайды ескере отырып, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамында аудит жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа, аудиттің нәтижесін жоспарымыз бойынша шілдеде аяқтаймыз. Сол уақытта біз сіздерге толыққанды тиісті ұсыныс беретін боламыз. Бізді алаңдатып отырған мәселенің өзі де осы", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.