jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев сөгіс жариялаған Марат Қарабаев отставкаға кете ме: министр жауап берді

    Марат Қарабаев
    Марат Қарабаев. Фото: NUR.KZ/Бақытжан Отарбаева

    Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуалды сынға алып, көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялаған еді. Бүгін сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген министр бұл сынды қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекеттік қызметшінің мемлекет басшысының шешімін талқыға салуға құқығы жоқ.

    Біздің министрлікке, министрлік қызметкерлеріне келетін болсақ, бізге президент жүктеген міндетті уақытылы әрі сапалы орындау үшін бәріміз жұмыла жұмыс істейміз.

    Осы мемлекеттік органның бірінші басшысы ретінде маған артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын", - деді министр.

    Сондай-ақ ол журналистердің отставка туралы сұрағына да жауап беріп, қызметінен кетуді жоспарлап отырмағанын жеткізді.

    "Президенттің барлық тапсырмасын сапалы әрі уақытында орындауға ден қоямын", - деді Марат Қарабаев.

    Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.

    Отырыста мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алып, жиын соңында министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.

    Сондай-ақ көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

    Тоқаев сөгіс жариялаған Марат Қарабаев отставкаға кете ме: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.