Алматының жаңа әкімінің алдында қандай міндеттер тұр: Тоқаев тапсырма берді
Опубликовано:

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесуде ол Алматының жаңа басшысына қойылып отырған басым міндеттерді айтқан.
"Премьер-министр мемлекет басшысының Алматы әкімдігінің алдына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.
Сондай-ақ жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімі қызметінен босатылды. Ол үш жылдан астам уақытта атқарған жұмысын қорытындылап, қала тұрғындары мен мемлекет басшысына алғысын айтты.
Алматының жаңа әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2248461-almatynyng-zhanga-akimining-aldynda-qandai-mindetter-tur-toqaev-tapsyrma-berdi/