jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Осы аптада Қазақстанға бірнеше елден жоғары лауазымды тұлғалар келеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Джорджа Мелони
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Джорджа Мелони. Фото: akorda.kz

    Президенттің баспасөз қызметі осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Осы аптада мемлекет басшысы мынадай іс-шараларға қатысады:

    28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

    28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

    28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

    28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

    29 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

    30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші "Орталық Азия – Италия" саммиті өтеді.

    31 мамырда президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

    Осы аптада Қазақстанға бірнеше елден жоғары лауазымды тұлғалар келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.