jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстан үкіметі күзде тарай ма: премьер-министрдің орынбасары тараған ақпаратқа пікір білдірді

    Парламент ғимараты
    Парламент ғимараты. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Бүгін Тәуелсіздік сарайы кулуарында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр күзде парламент сайлауы бола ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Премьер-министрге сұрақ қойған журналистер одан күзде парламенттің кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін деген қаңқу сөздерге қатысты пікір білдіруін сұраған. Олар парламент таратылса, үкімет те отставкаға кететінін еске салды. БАҚ өкілдері мұндай ақпарат шындыққа жанаса ма деп сұрады.

    "Мен БАҚ-тардағы бұл ақпаратты көріп те, естіп те жүрмін. Олардың еш негізі жоқ. Тұрақты парламентаризм жүйесі жұмыс істеп жатыр және тиімділігін көрсетіп отырғанына толығымен сенімдімін. Өз басым бұған еш негіз көріп отырғаным жоқ", - деп мәлімдеді Скляр.

    Қазақстан үкіметі күзде тарай ма: премьер-министрдің орынбасары тараған ақпаратқа пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.