jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Сенатта Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң мақұлданды

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Сенат Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандардың кейбіріне рақымшылық жасау туралы заңға дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, рақымшылық 15 мың адамның тағдырын шешеді.

    Заң жобасын бір топ депутат Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірлеген.

    Рақымшылық сотталғандардың мынадай санаттарына жасалады:

    • қылмыстық құқық бұзушылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар;
    • орташа ауырлықтағы қылмысты залалсыз жасаған немесе оның орнын толық өтеген;
    • әлеуметтік осал топтағы адамдар.

    Бұл ретте айта кетерлігі, ауыр қылмыстарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық істеріне, терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстарға рақымшылық жасалмайды.

    Сенатта атап өтілгендей, алдын ала болжам бойынша, рақымшылық 15,1 мыңнан астам сотталған адамның тағдырына әсер етеді. Оның 4,1 мыңы қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады.

    Сондай-ақ 11 мың сотталушының негізгі жаза мерзімі мен мөлшері қысқартылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.