jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Жоғарғы Соттың екі судьясы қызметінен босатылды

    судья
    Судья. Иллюстрациялық фото: AndreyPopov / Getty Images

    Жоғарғы Соттың екі судьясы – Әмір Досжан мен Герман Нұрбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар президенттің ұсынысы негізінде Жоғарғы сот судьялары Әмір Досжан Сарманқұлұлы мен Герман Каримұлы Нұрбаевты қызметінен босатуды қолдап, дауыс берген.

    Мәселе сенаттың бейінді комитетінде алдын ала қаралған.

    Президенттің ұсынымын оқыған Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың хабарлауынша, Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды. Ол зейнеткерлік жасқа толған.

    Ал Герман Нұрбаев жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы болып сайланған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.