jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жаңадан тағайындалған көлік министрі ант берді

    Нұрлан Сауранбаев
    Нұрлан Сауранбаев. Видеодан кадр: youtube.com/Қазақстан үкіметі

    Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Нұрлан Сауранбаев.

    Өз кезегінде премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрді құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше президент жарлығымен Нұрлан Сауранбаев еліміздің көлік министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Марат Қарабаевты алмастарды.

    Нұрлан Сауранбаев бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.