jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

    Тоқаев пен Назарбаев
    Тоқаев пен Назарбаев. Фото: elbasy.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

    Cондай-ақ мемлекет басшысы Тұңғыш президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

    Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram