jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    VIII шақырылымдағы парламенттің төртінші сессиясы ашылды (видео)

    Палаталардың бірлескен отырысы
    Палаталардың бірлескен отырысы. Видеодан кадр: youtube.com/@mazhilis_kz

    Бүгін, 2 қыркүйекте палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Іс-шараға парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, премьер-министр мен үкімет мүшелері, мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

    Күн тәртібіне сегізінші сайланған Қазақстан республикасы парламентінің төртінші сессиясының ашылуы бекітілді.

    "Өздеріңіз білесіздер, осы күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасында ресми сапары өтіп жатыр.

    Осыған байланысты "Қазақстан республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Констутициялық заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, маған парламент мәжілісінің төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің төртінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", - деді Ерлан Қошанов.

    VIII шақырылымдағы парламенттің төртінші сессиясы ашылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram