Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
Опубликовано:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 8 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шараға cенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтай мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдары өкілдері қатысады.
Сағат 11:00-де басталатын жолдаудың тікелей трансляциясын сайтымыздан көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ 2 қыркүйекте палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2283487-toqaev-bugin-qazaqstan-halqyna-zholdauyn-zhariialaidy/