jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев бірқатар әлемдік компанияның басшыларымен кездесті

    Майкл Уирт және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Майкл Уирт және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі жұмыс сапары кезінде бірқатар әлемдік компанияның басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тоқаев АҚШ-тағы жұмыс сапары кезінде Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады.

    Дэвид Запольски және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Дэвид Запольски және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
    • Кездесу барысында цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсары талқыланды. Президент Amazon компаниясының еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.
    • Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр.
    • Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында "Қазақтелеком" және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды. Соған сай Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған.

    Аталған бастама мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту және еліміздің барлық өңірі үшін заманауи телекоммуникация қызметіне теңдей қол жеткізу тапсырмасын орындау аясында іске асырылады.

    Сондай-ақ президент Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруномен кездесті.

    Тоқаев Cerberus Capital Management өкілдерімен
    Тоқаев Cerberus Capital Management өкілдерімен. Фото: Ақорда

    Тоқаев Cerberus Capital Management компаниясының инвестицияларды басқару саласындағы жаһандық көшбасшылығын жоғары бағалап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ниетін құптады. Президенттің айтуынша, компанияның стратегиясы Қазақстанның ұлттық экономиканы әртараптандыру жөніндегі басымдықтарына сай келеді. Еліміз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарта отырып, бағыттардың өткізу мүмкіндігін кеңейтуге қарқынды түрде кірісті.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол қойылуы Орта дәліздің маңызды сауда жолдарының бірі ретіндегі маңызының арта түсуіне оң әсер ететінін атап өтті. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі алты есе артты.

    Бұдан бөлек, президент компанияның технологиялық платформа мен цифрлық экожүйені тарату саласындағы ауқымды тәжірибесін атап өтіп, Қазақстандағы цифрлық бастамаларға қатысуды ұсынды.

    Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарының іскер топтары өкілдерімен кездесуі Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаумен жалғасты.

    Майкл Уирт және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Майкл Уирт және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы корпорация еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосқанын айтты. Тәуелсіздік жылдары Chevron Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарын игеруге атсалысып, Қазақстанға 55 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Қазір әлемдегі ең ірі энергетикалық компания өндіретін жалпы өнімінің 25 пайызы Қазақстанға тиесілі.

    Кездесуде келешекте Теңіз кенішінің аясын кеңейту жобасын іске асыру мәселелеріне, Қарашығанақта газ өндіру мен қайта өңдеу перспективасына, сондай-ақ әлемдік нарыққа көмірсутегін тасымалдау ісін дамытуға, соның ішінде Орта дәліз арқылы жеткізуге баса мән берілді.

    Тоқаев бірқатар әлемдік компанияның басшыларымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.