jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылды

    Ержан Ашықбаев
    Ержан Ашықбаев. Фото: Сыртқы істер министрлігі

    Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі лауазымына 2021 жылғы 5 сәуірде тағайындалған еді.

    Бұл қызметке дейін 2013-2021 жылдары еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

    Сондай-ақ әр жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, үкіметтің ресми өкілі, Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    Ержан Ашықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Сонымен қатар Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы маман, мемлекеттік басқару магистрі.

    Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген. І сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

    Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.