Тоқаев жаңадан тағайындалған СІМ басшысына тапсырма берді
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады. Президент министрлік басшысына бірқатар тапсырма берді, деп Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың ақпаратына сәйкес, кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2290986-toqaev-zhangadan-tagaiyndalgan-sim-basshysyna-tapsyrma-berdi/
