Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен босатылды
Жарияланған күні:

Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қор биржасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілген.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жалғыз акционерінің (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі енді алты адамнан тұрады. Олар:
- Олжас Бектенов – директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
- Нұрлан Жақыпов – директорлар кеңесінің мүшесі, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы;
- Болат Жәмішев – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Лука Сутера – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Вонг Хэн Фай – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Мұхаммед Джамиль әл Рамахи – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2291601-qanat-sharlapaev-tagy-bir-qyzmetinen-bosatyldy/
