jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Alem.ai: Тоқаев Қазақстанда халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмысын бастағанын мәлімдеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Елімізде Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital bridge 2025 халықаралық форумында жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды екенін айтты.

    "Кеше Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында білім беру мәселелері қаралды. Әлемге танымал сарапшылармен бірге адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды, нақты міндеттер айқындалды. Ең бастысы, жасанды интеллект саласындағы тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды.

    Сондай-ақ бүгін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталықты инновациялар мен тың идеялардың мекені деуге болады. Жалпы, Қазақстан осы саладағы кез келген ынтымақтастыққа ашық. Сондай-ақ біз елімізде екінші суперкомпьютер кластерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллект тек игі мақсатқа қызмет етуі керек. Адам игілігі басты орында тұрады. Alem.ai жасанды интеллектіні барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолданатын жаһандық орталық болуға тиіс. Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды. Сондықтан жаңа университет және Alem.ai орталығы біртұтас экожүйенің негізгі өзегі ретінде қызмет етуі керек", - деді президент.

    Alem.ai: Тоқаев Қазақстанда халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмысын бастағанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram