jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды: оның құрамына кім кірді

    кресло
    Кресло. Иллюстрациялық фото: Mariakray/Getty Images

    Елімізде парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Тиісті өкімге мемлекет басшысы қол қойды. Сондай-ақ оның құрамына кім кіргені белгілі болды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамы:

    • Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі, жұмыс тобының жетекшісі;
    • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
    • Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;

    Жұмыс тобының мүшелері: 

    • Айтқожин Қабдолсамих Көшекұлы – заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;
    • Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары;
    • Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК директоры;
    • Бәшімов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
    • Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісіндегі "Аманат" фракциясының басшысы;
    • Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы парламенті сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
    • Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі "Ауыл" фракциясының басшысы;
    • Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – "Әділ сөз" сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;
    • Жақаева Лейла Сұлтанқызы – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары соты кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;
    • Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
    • Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;
    • Караев Алипаша Агаханович – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті "Әділет" Жоғары құқық мектебінің профессоры;
    • Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Республика" фракциясының басшысы;
    • Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
    • Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Қазақстан халық партиясы" фракциясының басшысы;
    • Малиновский Виктор Александрович – заң ғылымдарының докторы, "Нархоз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғам профессоры;
    • Нүкенов Абзал Нүкенұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
    • Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;
    • Пан Наталья Виссарионовна – Қазақстан Республикасы президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты "Парламентаризм институты" ШЖҚ РМК директоры;
    • Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Ақ жол" фракциясының басшысы;
    • Пономарев Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;
    • Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің "Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия" фракциясының басшысы;
    • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
    • Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;
    • Чеботарев Андрей Евгеньевич – Ұлттық құрылтай мүшесі, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры;
    • Шаймарданов Жандос Нұрланұлы – Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
    • Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
    • Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;
    • Шибутов Марат Мақсұмұлы – Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;
    • Ыбыраева Алуа Саламатқызы – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
    Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды: оның құрамына кім кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram