jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Көкшетаудағы су мәселесіне байланысты Ақмола облысы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

    Ауыз су
    Ауыз су. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы мен оның орынбасары Ақмола облысындағы сумен қамту мәселесіне қатысты кім жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов Көкшетаудағы су мәселесіне байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мойындады.

    "Мемлекет басшысының Көкшетау су тазарту кешенін жаңғырту тапсырмасын уақытылы орындамағаным үшін шілдеде Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазановпен бірге мен де тәртіптік жауапкершілікке тартылдым", - деді құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов.

    Өнеркәсіп министрлігі комитетінің басшысы басқа шенеуніктердің де жазаланатынын хабарлады.

    "Осы аптада біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кеңес өткіземіз. Апта соңына дейін сумен қамтамасыз ету бойынша қойылған мақсатты индикаторға жете алмайды деген қауіп бар өңірлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

    Көкшетаудағы су мәселесіне байланысты Ақмола облысы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.