jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Палестина президентіне жеделхат жолдады

    Палестина туы
    Палестина туы. Фото: Getty Images/Anadolu Agency/Contributor

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина елінің Тәуелсіздік күнін тойлауына орай президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

    "Президент жеделхатында Қазақстан Палестинаны араб әлеміндегі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын әрі аталған елді нығайтуға және жарқын болашаққа негіз болатын халықаралық бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жазған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Палестина халқына бақ-береке тіледі", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Тоқаев Палестина президентіне жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram