jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ШҚО әкімі уақыт белдеуіне қатысты тұрғындардың шағымына жауап берді

    сағат
    Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тұрғындардың қыс мезгілінде күннің ерте бататынына қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер уақыт белдеуі мәселесін қайта қарау жоспары бар-жоғын және қазіргі уақытта қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады. Нұрымбет Сақтағанов облыста жаңа уақыт белдеуінің орнағанына бір жыл сегіз ай болғанын еске салды.

    "Ол тиісті мамандар мен ғалымдардың талдаулары мен ұсыныстары ескеріле отырып, мемлекеттік деңгейде қаралды. Біз көптеген ұйым мен мекеменің жұмыс уақытын қарап шықтық: олар таңғы 8-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді, әлемнің әртүрлі қалаларында жұмыс уақыты да әртүрлі.

    Бірақ мұндай сұрақтар ол жақта туындамайды. Бұл мәселені қайта қарастырамыз деп ойламаймын", - деді облыс басшысы.

    ШҚО әкімі уақыт белдеуіне қатысты тұрғындардың шағымына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.