jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сенат ЛГБТ насихатына қатысты заң жобасын қарауды кейінге қалдырды

    Құжатқа қол қойып жатқан ер адам
    Құжатқа қол қойып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін сенаттың жалпы отырысында ЛГБТ насихатына қатысты заң жобасын қарау жоспарланған еді. Алайда бұл мәселе таңертең күн тәртібінен алып тасталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кеше кешке сенаттың баспасөз қызметі палатаның алдағы жалпы отырысы туралы хабарлама таратты.

    Күн тәртібінде үш мәселе, оның ішінде "Архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (бірінші оқылым) заң жобасы шығарылды. Онда қоғамдық орындарда педофилия мен гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын ереже қамтылған.

    Алайда бүгін хабарландыру жаңартылып, үшінші мәселені қарау кейінге шегерілген. Шақырылған азаматтар тізімінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері де болмай шықты.

    Сенаттың баспасөз қызметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және құқыққа қайшы контент таратуды шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қарау кейінге қалдырылғанын айтып түсіндірді.

    "Оның себебі кейбір нормативтік құқықтық актілерді қосымша әзірлеу қажеттілігіне байланысты. Айта кетерлігі, аталған заң бойынша Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сондықтан бұл үлкен жұмыс және ол қосымша уақытты қажет етеді.

    Одан бөлек бұл заң балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді де қамтиды, бұл тақырып мұқият қарауды талап ететіндіктен, палата депутаттары заңды қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

    Заң парламент сенатының 18 желтоқсандағы отырысында қаралады", - деп түсіндірді сенаттың баспасөз қызметі өкілдері.

    Бұған дейін мәжіліс педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды мақұлдап, сенатқа жолдаған еді.

    Естеріңізге сала кетейік, қазанның соңында депутат Ирина Смирнова мәжіліс кулуарында ЛГБТ насихатының элементтері бар материалдарды таратуға шектеу қоюға қатысты жаңа ережені туралы айтқан болатын.

    Ал депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салумен шектелмей, ол үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынған.

    Сенат ЛГБТ насихатына қатысты заң жобасын қарауды кейінге қалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.