jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты заңға қол қойды

    ЛГБТ туы
    ЛГБТ туы. Көрнекі сурет: D. Giraldez Alonso/Getty Images

    Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

    Бұған дейін Сенат ЛГБТ насихатын қамтитын құқыққа қайшы контентті таратуды шектеу туралы түзетулерді екінші оқылымда мақұлдағанын хабарлағанбыз.

    Естеріңізге сала кетейік, депутат Ирина Смирнова мәжіліс кулуарында ЛГБТ насихатының элементтері бар материалдарды таратуға шектеу қоюға қатысты жаңа ереже туралы айтқан болатын.

    Ал депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салумен шектелмей, ол үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынған.

    Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.