jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ етемін:

    1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

    4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулы мәтінінде.

    Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдық құттықтау сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атайтынын мәлім еткен еді.

    "Мен Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ", - деп түсіндірген болатын президент бұл шешімін.

    Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.