jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жарылыс болды": "ҚазМұнайГаз" танкерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

    Танкер
    Кеме. Көрнекі фото: Paul Russel/Getty Images

    "ҚазМұнайГаз" қазақстандық мұнай тиелген танкерге ұшақсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тиісті ақпарат "ҚазМұнайгаздың" Telegran-дағы парақшасында жарияланды. Ондағы мәліметке сенсек, MATILDA кемесін "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" "ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған. Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. Бірақ бүгін, 13 қаңтарда оған шабуыл жасалған.

    "13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.

    Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

    "Жарылыс болды": "ҚазМұнайГаз" танкерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.