jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев жаңа парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды

    Қазақстан парламенті
    Қазақстан парламенті. Иллюстрациялық фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы бір палаталы жаңа парламентке Құрылтай деген атау беруді ұсынды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің айтуынша, Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу керек.

    "Ең алдымен, болашақ парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.

    Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.

    Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын", - деді мемлекет басшысы.

    Тоқаев жаңа парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.