Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізіледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде Республика вице-президенті лауазымы енгізілетінін айтты. Ал мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа лауазым – вице-президент пайда болатынын мәлімдеді.
"Сөз вице-президент лауазымын енгізу туралы болып отыр. Оның өкілеттік көлемін президент анықтайды. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдар мен шетелдік делегациялармен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени және білім беру ұйымдарымен өзара жұмыс істейді және президенттің басқа да нұсқауларын орындайды деп жоспарланып отыр.
Вице-президенттің ресми міндеттеріне қатысты осы негізгі ережелер Конституцияда да көрініс табуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2333470-qazaqstanda-vitse-prezident-lauazymy-paida-bolady/