jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Құрамына 100-ден астам азамат кіреді": Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

    Қазақстан Республикасының Конституциясы
    Қазақстан Республикасының Конституциясы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болған.

    "2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды.

    Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы жарлыққа ертең қол қоямын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

    "Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", - деді президент.

    "Құрамына 100-ден астам азамат кіреді": Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.