Қазақстанның Халық кеңесі құрылып, Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы таратылады
Жарияланған күні:
Қазақстанда Халық кеңесі құрылады. Мұндай ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанға қоғамдық дамуға қатысты барлық мәселелер бойынша жалпыхалықтық диалог өткізу үшін жаңа ауқымды платформа қажет екенін айтты.
"Мұндай платформа халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қамтиды.
Осыған байланысты Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың тарихи маңызды миссиясы сәтті орындалды деп санауға болады.
Мен жаңа институт ретінде Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсынамын.
Жаңа органның қызметінде қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтқан Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай функцияларының стратегиялық сабақтастығын сақтау өте маңызды деп санаймын", - деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық кеңесі іс жүзінде басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін ескеретін жаңа мемлекеттік органға айналатынын айтты.
Айтуынша, Халық кеңесіне барлық этнос пен халық топтары мен өңірлерден өкілдер мүше болады.
Қазақстанның Халық кеңесі елдің ең жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады.
Кеңестің құрамына 126 адам кіреді деп ұсынылып отыр: оның 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі ірі қоғамдық бірлестіктерден және 42-сі мәслихаттар мен аймақтық қоғамдық кеңестерден болады.
Халық кеңесінің барлық мүшесін президент тағайындайды, ал төрағаны оның мүшелері сайлайды.
Халық кеңесі төрағасының ротациялық негізде тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық меңгерушісі болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2333526-qazaqstannyng-halyq-kengesi-qurylyp-ulttyq-quryltai-men-qazaqstan-halqy-assambleiasy-taratylady/