jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңадан тағайындалған еңбек министрі ант берді

    Асқарбек Ертаев
    Асқарбек Ертаев. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Бүгін үкімет отырысында жақында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Асқарбек Ертаев ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің жарлығымен Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалғанын еске салды. Ол бұл қызметте Светлана Жақыпованы алмастырды.

    Қазақстан Республикасының үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес, үкіметтің жаңа мүшесі ант берді.

    "Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерімді, білімімді жұмсауға және мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Асқарбек Ертаев.

    Айта кетелік, жаңа қызметіне дейін Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды.

    Жаңадан тағайындалған еңбек министрі ант берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.