jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Челах ісін қараған судья қызметінен босатылды

    Ербол Ахметжанов
    Ербол Ахметжанов. Фото: gov.kz

    Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жоғары сот кеңесінің Facebook желісіндегі парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Жоғарғы сот кеңесі отырысы барысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

    "Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Заңның талаптарына сәйкес, Жоғары сот төрағасының Астана қалалық соты, Алматы қалалық сотының және Жамбыл облыстық сотының төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды.

    "Барлық бос лауазымға ұсыныстар баламалы негізде енгізілді, нәтижесінде Жоғарғы сот кеңесі Жоғары сот төрағасының ұсыныстарын қолдап, еңбек өтілімі мол, ұйымдастырылушылық қабілеті бар, тәжірибелі әрі кәсіби деңгейі жоғары судьяларды ұсынды", - деп хабарлады Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі.

    Жамбыл облыстық сотының ресми сайтының хабарлауынша, Ербол Ахметжанов сотқа төрағалық етушінің міндетін атқарды. Ол "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахқа үкім шығарған еді.

    Челах ісін қараған судья қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.