Жаңа Конституция бойынша референдум: бюллетеннің үлгісі жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Орталық сайлау комиссиясы 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берушілер толтыруы тиіс бюллетень қандай болатынын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айта кетелік, бұған дейін хабарлағанымыздай, бюллетень қағазында "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ болады.
Ал ел тұрғындарына екі жауап нұсқасы ұсынылады:
- Иә, қабылдаймын;
- Жоқ, қабылдамаймын.
Дауыс берушілер өздері таңдаған жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды. Сұрақ та, жауап нұсқалары да қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.
Кейінірек Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдум қалай өтетін мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2346561-zhanga-konstitutsiia-boiynsha-referendum-biulletenning-ulgisi-zhariialandy/