jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевқа 15 наурыздағы референдумға дайындық туралы мәлімет берілді

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұрлан Әбдіров
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұрлан Әбдіров. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілген.

    Мемлекет басшысы референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударған.

    Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

    Сондай-ақ республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

    Жаңа Конституция қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Қазіргі парламент те 1 шілдеге дейін жұмыс істейді.

    Кеше Орталық сайлау комиссиясы референдумда дауыс берушілер толтыратын бюллетень қандай болатынын көрсетті.

    Тоқаевқа 15 наурыздағы референдумға дайындық туралы мәлімет берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.