Тоқаевтың сынынан кейін "Самұрық-Қазына" қызметкерлерінің саны 10 пайызға қысқаратын болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов журналистерге қордың Астанадағы штаты ел президентінің сынынан кейін 10 пайызға қысқаратынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Астанада "Самұрық-Қазынаның" шамамен 6500 қызметкері жұмыс істейді. Ол компанияның астаналық штатының 10 пайызы – шамамен 650 қызметкер қысқартылатынын мәлімдеді.
Журналистер "қысқартуға ілінген қызметкерлерге басқа нұсқа ұсыныс бола ма" деген сұрақ қойды. Жақыпов сөз дәл осы қысқартуда болып отырғанын атап өтті. БАҚ сонымен қатар кімнің қысқартылатынын – "қарапайым қызметкерлер ме, әлде сол жағалаудағы кофе ішуді ұнататындар ма" деп нақтылап сұрады.
"Әкімшілік-басқарушы персонал қысқартылады. Қысқарту мәселесі өндірістік персоналға әсер етпейді. Бізде қызметкерлерді бағалау жүйесі, өнімділікті бағалау жүйесі және қызметкерлерді ынталандыру жүйесі бар. Барлық аспектілер ескеріледі. Процесс объективті болады", - деді ол.
Президент сыны
Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпандағы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияның кейбір қызметкерлерін сынға алған еді.
"Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған.
Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды", - деді өз сөзінде президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2348267-toqaevtyng-synynan-keiin-samuryq-qazyna-qyzmetkerlerining-sany-10-paiyzga-qysqaratyn-boldy/