Тоқаев энергетика министріне бірқатар тапсырма берді
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдап, оған бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
️Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.
Ерлан Ақкенженов:
- мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғанын айтты.
- мұнай өңдеуді ұлғайту жоспарын баяндады.
Ақкенженовтің айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.
Министр сондай-ақ 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді.
Ақ️кенженовтің сөзіне сенсек, биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді.
Ол сонымен қатар "Көмір өндіруді дамыту" ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат ұсынды.
Президент министрге отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Т️оқаев сондай-ақ өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2349811-toqaev-energetika-ministrine-birqatar-tapsyrma-berdi/