jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан халқы 2026 жылы Конституция күнін қашан атап өтеді

    Ата заң
    Қазақстанның Конституциясы. Көрнекі фото: t.me/consot_kz

    Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәжіліс кулуарында биыл Конституция күнінің 30 тамызда атап өтілу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер Ерлан Сәрсембаевтан 2026 жылы Конституция күнін атап өту тәртібі туралы сұрады. Олар "қазақстандықтар 15 наурызда жаңа Конституция жобасын қолдаса, 30 тамыз мереке болып санала ма?" - деп сұрады.

    "Керемет сұрақ, өзіме де қызық. БАҚ-та жарияланған жаңа Конституцияның жобасын оқыдыңыз ба? Егер оқысаңыз, 94-бапта дәл осы мәселе қарастырылады: жаңа Конституция қабылданған күн ұлттық мереке болып жарияланады.

    Яғни, егер халық дауыс беріп, Конституцияның жаңа редакциясын қолдаса, онда 15 наурыз Конституция күні болып саналады, ал 30 тамыздың күші жойылады", - деп жауап берді Ерлан Сәрсембаев.

    Журналистер қазақстандықтардың Конституция күнін 2026 жылы 30 тамызда қаншалықты атап өте алатынын тағы да нақтылап сұрауға тырысты, бірақ Сәрсембаев бұл референдум қорытындыласына байланысты екенін айтты.

    Қазақстан халқы 2026 жылы Конституция күнін қашан атап өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.