jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңа Конституция: референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды

    Республикалық референдум
    Референдум. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Қазақстанда республикалық референдум бойынша дауыс берудің түпкілікті қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылған деректерге сілтеме жасап.

    Қазақстанның Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлады:

    • референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;
    • дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 пайыз;
    • референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы;
    • референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
    • жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

    "Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, "Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін.

    Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады", - деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

    Жаңа Конституция: референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.