Тоқаев Наурыз мерекесіне қатысты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық мерекелік шараларға қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды.
️Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.
️Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.
️Бұдан бөлек президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.
️Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2357186-toqaev-nauryz-merekesine-qatysty/
