Тоқаев Құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу бойынша заңдарға қол қойды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастарға қатысты заңдарға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың Telegram арнасында хабарланғандай, Тоқаев "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы "2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2366199-toqaev-quqyqtyq-komek-turaly-konventsiiaga-ozgerister-engizu-boiynsha-zangdarga-qol-qoidy/