jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады: Мәулен Әшімбаев жауап берді

    шенеунік
    Вице-президент. Иллюстрациялық фото: Motortion/Getty Images

    Қазақстанның вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтай құрылғаннан кейін шешіледі. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әшімбаевтың айтуынша, бұл мәселелер мемлекет басшысының құзыретіне жатады. 

    "Жаңа Құрылтай сайланған соң, мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген", - деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысынан кейін.

    Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтіп, нәтижесінде жаңа Ата Заң қабылданды. Жаңа Конституцияға вице-президент лауазымы енгізілді.

    Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлау биыл тамызда өтетінін мәлімдеді.

    Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады: Мәулен Әшімбаев жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.