jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаевқа Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

    криптовалютамен төлеу
    Фото: Ақорда

    Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралау барысында мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді.

    Айта кетейік, президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

    Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.

    Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

    ️Жалпы орталық мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.

    ️Президент орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды.

    Сондай-ақ президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.

    ️Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.

    ️Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

    Тоқаевқа Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.